Аймақтар • 26 Қазан, 2023

Таразда жер сілкініп, тұрғындардың үрейін ұшырды

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 26 қазанда Жамбыл облысы аумағында, Алматыдан батысқа қарай 482 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таразда жер сілкініп, тұрғындардың үрейін ұшырды

Фото: ашық дереккөз

Жер сілкінісі шамамен 5 шақырым тереңдікте Айша-Бибі ауылына жақын жерде болған.

«СТӘЭ» ұсынған ақпаратқа сәйкес, сейсмикалық станциялар желісі 26 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 11:38-де жерасты дүмпулерін тіркеді.

«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 482 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,6, магнитудасы – 4,5», делінген ТЖМ хабарламасында.

Сейсмологтар жер сілкінісі елімізде сезілмегенін хабарлады. Бірақ Тараз қаласының тұрғындары жерасты дүмпулері сезілгенін айтып отыр.