Хоккей • 26 Қазан, 2023

«Автомобилистен» айласын асыра алмады

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барысы» тұрақты біріншіліктегі кезекті ойынын Екатеринбургтің «Автомобилист» командасымен өткізді.

«Автомобилистен» айласын асыра алмады

Жергілікті «Уралец» спорт кешенінде ұйымдастырылған бәсеке айдын иелерінің айқын басымдығымен аяқталды. Бірінші кезеңде «Автомобилист» сапынан «Барыстың» экс-ойыншысы Джесси Блэкер мен Данил Романцев мергендік танытса, екінші кезең басталған бетте Сергей Зборовский таблодағы көрсеткішті 3:0-ге жеткізді. Арада көп уақыт өтпей Максим Мусоров есеп айырмасын қысқартқанымен, үшінші кезеңде Алексей Макеев пен Анатолий Голышев дәлдік танытып, «Автомобилиске» айқын басымдық сыйлады. Матчтың соңғы минуттарында «Барыс» командасынан Райли Барбер өз атын таблоға жаздырды. Қорытынды есеп – 5:2.

Елордалық клуб келесі кездесуін бүгін «Барыс Аренада» Минскінің «Динамосымен» өткізеді.