Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
«Өткен қысқы кезеңде облыстың автомобиль жолдарында 7 авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 168 бала құтқарылды, қар құрсауынан 7 бірлік техника эвакуацияланды», деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.
Мамандардың айтуынша, автокөлік аязға төтеп беріп, үздіксіз жұмыс істеп, қиындық тудырмайтындай етіп дайындалуы керек.
Ең алдымен, көліктің жарамдылығын тексеру маңызды. Тежегіштердің жұмыс істейтінін тексеріңіз, майды төмен температураға, дөңгелектерді қысқы резеңкеге ауыстырыңыз. Жолға шығар алдында сіз баратын аймақтың ауа-райы болжамын, қатты желдің, қалың қардың және көктайғақтың салдарынан болатын жолдың жай-күйін тексеріп алғаныңыз абзал.
Төтенше жағдай кезінде сіз толық дайын болуыңыз керек, сондықтан барар алдында жүксалғышта не болуы керектігін тексеріңіз: сүйреу кабелі, апаттық тоқтау белгісі, балта, көлікті оталдыруға арналған сым, жанармай қоры, күрек, қолшам және әйнектегі мұзға қарсы сұйықтық, жөндеуге ыңғайлы қолғап. Жолға шыққанда міндетті түрде жылы заттарды, азық-түліктерді жинап, жеңіл тағамдар дайындаңыз.
Әрине, төтенше жағдай кезінде «112» нөміріне хабаласу керек. Құтқарушыларды шақыру үшін әрқашан өзіңізбен бірге ұялы телефонды алып жүріңіз. Оны қуаттаңыз, қосымша power bank алыңыз және автокөлік эвакуаторларының нөмірлерін жазып алыңыз.
Жақындарыңызға бағытыңыз туралы ескертіңіз және сапар барысында олармен байланыс орнатыңыз.
Егер сіздің көлігіңіз қыс мезгіліне дайын болмаса дауыл туралы ескертулер жариялаған кезде тәуекелге бармаңыз және елді мекендерден тыс жерлерге шықпаңыз.