Үкімет • 02 Қараша, 2023

Премьер-министр Николя Маспен кездесті

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Әлихан Смайылов  Orano S. A. компаниясының бас операциялық директоры Николя Маспен кездесіп, қос тарап  энергетика саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министр Николя Маспен кездесті

primeminister.kz

Ә.Смайылов  Қазақстан мен Франция энергетика саласында байырғы стратегиялық әріптес екенін баса айтты.  «Orano – біздің осы бағыттағы маңызды және сенімді серіктесіміз. Компания Қазақстанда 27 жыл бойы табысты жұмыс істеп келеді. Бұл орайда, «КАТКО» бірлескен кәсіпорны – ұзақ мерзімді және өзара тиімді серіктестіктің дәлелі. Біз ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін қарастыруға дайынбыз»,  деді Премьер-министр.

Николас Мас Orano-ның Қазақстанмен өзара іс-қимылды кеңейтуге қашанда ықыласты екенін аңғартты. «Қазіргі уақытта бізге екі тараптан да өзара іс-қимылды кеңейтуге ықпал ете алатын ірі жобалар жетіспейді. Сол себепті бүгін мен қарым-қатынасымызды нақты жобалар негізінде жаңғыртуды ұсынғым келеді»,  деді ол. Н.Маспен кездесугеЭнергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ және «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының өкілдері қатысты. Оrano S.A. компаниясы  Францияның атом өнеркәсібі саласындағы іргелі ұжымның бірі. Атом энергетикасы оның ішінде уран өндіру, өңдеу және байыту, ядролық отынды тасымалдау, радиоактивті қалдықтарды кәдеге жарату  сынды саланы қамтиды.