Қоғам • 05 Қараша, 2023

Жеке деректерге төнген қауіп

221 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда қызметкерлердің көпшілігі жұмыс істеу үшін ChatGPT сияқты нейро желілерге негізделген тілдік модельдерді пайдаланатыны белгілі. Мысал ретінде көршілес Ресейде «Касперский зертханасы» жүргізген сауалнамаға сәйкес респонденттердің 11%-ы чат-боттарды қолданатынын мәлімдеген. Осының салдарынан олардың 30%-ы алдағы уақытта адамдардың едәуір бөлігі жұмыссыз қалуы мүмкін деп қауіптенеді екен.

Жеке деректерге төнген қауіп

Осы сияқты өзге де зерттеу­лерге көз жүгіртсек, Бельгия­да­ғы кеңсе қызметкерлерінің 57%-ы­ деректерді тексермей-ақ бір­ден ChatGPT көмегіне сүйе­не­ді екен. Ұлыбританиядағы рес­­понденттердің басым бөлі­гі (58%) жұмыс уақытын оңтай­лан­дыру үшін жасанды интеллект құ­ралдарының әлеуетін кә­деге асыратынын ашық айт­қан. ChatGPT іздеу-сұрауларының жиілігі туралы мәліметтер адам­дардың күнделікті өмірде чат-ботты белсенді түрде пайдалана­тынын, қажет болған жағдайда жұмыс тапсырмалары үшін де қолданатынын алға тартқан.

Ал Қазақстанда 2023 жылғы қыр­күйектегі іздеу салулардың са­ны осы жылдың қаңтарымен са­лыстырғанда 120%-ға өскен. Демек ChatGPT танымалдылығы дәл осындай қарқын алып жат­қанда «Оған жеке мәліметтерді се­ніп тапсыруға бола ма?» деген ма­ңызды сұрақ туындайты­ны заңдылық. Осы орайда «Кас­пер­ский зертханасының» зерт­теушілері бизнестегі міндеттерді орындау барысында чат-ботты пай­даланудың төмендегідей үш негізгі қаупін бөле-жара қарас­тырып отыр.

Бірінші – провайдер тарапынан деректердің ашылуы немесе бұзылуы. LLM негізіндегі чат-боттар (ірі тілдік модельдер) ірі технологиялық компаниялардың бақылауында екеніне қарамастан, олар деректердің бұзылуы немесе кездейсоқ ашылуынан сақтандырылмаған. Мысалы 2023 жылдың наурызында ол аяқ астынан істен шығып, кейбір ChatGPT пайдаланушылары басқа пайдаланушылардың хат алмасуларында тақырыптар мен алғашқы хабарламаларды көріп қойғандықтан, OpenAI чат-бот жұмысын уақытша тоқтата тұруға мәжбүр болады.

Екінші – зиянкесті жалған көшірмелер. Мәселен ChatGPT сияқты ресми қызметтер кей­бір жерде бұғатталуы мүмкін. Мұн­дай жағдайда кү­рделі мә­селелер туын­дап, қолдану­шы­лар бейрес­ми баламаларды – бағдарлама­­лар­ды, сайттар­ды, мессенджер бот­та­ры мен клиент немесе қосым­ша ­ре­тін­де жасырынған зиянды ­бағ­дар­ламаларды кездейсоқ жүк­теп алады.

Үшінші – аккаунтты бұзу. Оған қоса зиянкестер фишинг көмегімен қызметкерлердің есеп­тік жазбалары мен олардың жеке деректеріне қол жеткізе алады. Осы орайда Kaspersky Digital Footprint Intelligence қызметі чат-боттардағы аккаунттарға кіруді сату туралы хабарландыруларды даркнеттегі форумдарда үнемі анықтап отырады.

 

АЛМАТЫ