Фото: Ашық дереккөз
Бұл жоба қазіргі жастардың интеллектуалды деңгейін өсіруге және білімге құштарлығын оятуға, өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысқа жетелейді. Жобаға жастарды, ата-аналарды, кітап авторларын, баспа иелерін, интернет ресурстар мен әлеуметтік желі пайдаланушыларын тарту көзделген.
Бүгінге дейін «Оқырман ұлт» жобасы аясында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жастарға арналған «Менің сүйікті кітабым» атты кітап оқу марафоны жарияланып, үздік қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаға қызығушылық танытып, белсене қатысушылардың қатары көп болған.
Міне осындай жобалар қоғамның назарын аударып, кітап оқу мәдениетін дамытуға, қалыптастыруға септігін тигізетіні анық.