Экономика • 09 Қараша, 2023

«Баян сұлу» өнімдерінің 40 пайызы шетелге экспортталады

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы дәстүрлі ынтымақтастық форумы барысында «Баян сұлу» АҚ басқарма басшысы Тимур Садықов компания өнімінің жартысына жуығы алыс-жақын шет елдерге сатылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Баян сұлу» өнімдерінің 40 пайызы шетелге экспортталады

«Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы жылына 50 мың тоннадан астам өнім өндірсе, оның 40 пайызға жуығы экспортқа сатылады. Біздің экспорттық бағыттарымызға биылдан бастап ТМД елдері, сонымен қатар Қытай, Моңғолия, Шығыс Еуропа және Оңтүстік Корея кіреді. Біз өз өнімдерімізді жаңа нарық кеңістіктеріне, жаңа елдерге шығаруға мүдделіміз. Географиямызды кеңейтіп жатырмыз, өнімдеріміздің экспорттық әлеуеті зор екенін көріп отырмыз», деді Тимур Садықов.

з

Фабрика өнімдері бүгінде Қытайда өтіп жатқан VI халықаралық импорт тауарлары көрмесіне де қатысып жатыр.

щ