Аймақтар • 09 Қараша, 2023

Өрт сөндіру стансасы ашылды

163 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Құдай бетін әрі қылсын дейік, дегенмен кейінгі кездері дала өрті жиілеп кетті. Мемлекет басшысы Үкіметке дала өртінің алдын алу бойынша бірқатар міндеттер жүктеген еді. Осы орайда жер көлемі ауқымды Шет ауданынан тағы бір өрт сөндіру стансасы ашылды.

Өрт сөндіру стансасы ашылды

Жасыратыны жоқ, өрт сөндіру стансасы мұнда ертеден керек еді. Сәті биыл түсіп, Ақсу-Аюлы ауылынан Балқашқа қарай шығаберіс жолдың бойынан бірінші типті модульдік станса ашылды.

Нысанның ашылу салтанатында облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бақтияр Санбаев, Шет ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Кәрсенбаев, орман шаруашылығында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер Қазыбек Сейітжанұлы, Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны, ардагер Амантай Рашитов құттықтауларын жеткізді.

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке орман, дала өрттерінің алдын алуға қатысты бірқатар міндеттер жүктеген болатын. Осыған сәйкес қаржы бөлініп, еліміз­дің әр өңірінде жұмыстар қолға алына баста­ды. Бұл біз үшін өте қажет. Тозығы жеткен техникалар мен өрт сөндіру бекеттерін жаңарту жайы да назардан тыс қалмақ емес. Аталған орман өрт сөндіру стансасы талапқа сай, өртке қарсы қажетті құрал-жабдықтармен қатар, киімдер және арнайы техникалар­мен қамтылған, сондай-ақ штаттық бірліктер қарастырылған, – дейді Дәурен Кәрсенбаев.

Расымен, модульдік орман өрт сөн­діру стансасы заманауи талаптарға сай жаб­­дық­талған. Өрт сөндіру көліктері қызметке әзір. Дабыл қағылған сәттен бастап небәрі 1 минут ішінде жолға шығады. Мұнымен қоса, қыз­­­­меткерлерге арнайы жатын бөлмелер де қарас­­­тырылған. Спортзал, асхана мен кәсіби дайын­дық жасау орындары да бар.

 

Қарағанды облысы,

Шет ауданы