Қоғам • 11 Қараша, 2023

Әлеуметтік төлемдер қаншалықты өсетіні белгілі болды

1425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі келесі жылы әлеуметтік төлемдердің неше пайызға өсетіні туралы мәлім етті,  деп хабарлайды Egemen.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Әлеуметтік төлемдер қаншалықты  өсетіні белгілі болды

egemen.kz

«Министрлік мәліметі бойынша  келесі жылы  мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің барлық түрі 7%-ға  өседі. Нақты айтқанда:

  • мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
  • Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер;
  • №1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар;
  • жерлеуге арналған біржолғы төлем;
  • бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
  • бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
  • Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын ай сайынғы бюджеттік субсидиялау;
  • арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
  • бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
  • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы» делінген ақпаратта.

Міне, 2024 жылдан бастап  осындай мемлекеттік әлеуметтік төлем түрлеріне берілетін қаражат сомасы  7%-ға артатын болды.