Әлем • 11 Қараша, 2023

Төртінші ғарышкер ме? Роскосмос қазақ баласын ұшыруды талқылады

734 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Роскосмоста орбитаға Қазақстаннан ғарышкер ұшыру талқыланды. Мұны Мемлекеттік  корпорация басшысы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Liter.kz ақпаратына сілтеме жасап.  

Төртінші ғарышкер ме? Роскосмос қазақ баласын ұшыруды талқылады

gov.kz

Ресейдің «Известия»  басылымына берген сұхбатында  Роскосмос басшысы Юрий Борисов  Қазақстан мен Ресейдің   ғарыш кеңістігін игерудегі ынтымақтастығы туралы айтты.

Оның пайымынша, екі елдің ғарыш саласындағы тарихи әріптестігі тереңдеп, алдағы уақытта да қарқынды дамымақ.

Ю.Борисов  басылымға берген сұхбатында: «Біз Қазақстаннан орбитаға ғарышкер ұшыруды талқылап жатырмыз,  бұл ғарышты игерудегі тығыз байланысымызды айқындай түседі» деді. Қазақстан жақында Роскосмосқа  байланыс спутнигін әзірлеу жөнінде сұраныс жібергенін де айтты.

Қазақстаннан осы күнге дейін ғарыш кеңістігіне үш азамат ұшты. Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетовтен кейінгі төртінші ғарышкердің де орбитаға сапар шегетін күні алыс емес секілді.