Әлем • 13 Қараша, 2023

Газа секторында қаза тапқандар саны 11 мыңнан асты

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 қазаннан бері Газа секторында Израиль шабуылдарынан қаза тапқандардың жалпы саны 11 078-ге жетті. Бұл туралы Палестина анклавының денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Газа секторында қаза тапқандар саны 11 мыңнан асты

Фото: TASS

«11 қарашада елдің солтүстігіндегі ауруханаларда қызметтер мен байланыс тоқтағаннан кейін, Газаның денсаулық сақтау министрлігі қаза тапқандар санын жаңартқан жоқ. 10 қарашада Газада қаза тапқан палестиналықтардың саны 11 078 болды, оның ішінде 4 506 бала және 3 027 әйел бар», делінген департаменттің сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Палестина денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тағы 2700 адам, оның ішінде 1500 бала із-түзсіз жоғалған. 27 490 Палестина азаматы жарақат алды.