Қоғам • 13 Қараша, 2023

Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Заңға сәйкес көлік жүргізушілері 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында қысқы дөңгелекпен жүруі тиіс, деп жазады Egemen.kz.

Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады

Фото: aikyn.kz

Ережені бұзған жағдайда полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, мемлекеттік нөмірді алып қоюға құқылы. Сондай-ақ техникалық регламентті сақтамағаны үшін көлік жүргізушісі айыппұл арқалайды.

«Мұндай заңбұзушылық алғаш рет жасалса 17 250 теңге (5 АЕК) айыппұл, ал бір жыл ішінде тағы осындай құқықбұзушылық анықталса 34 500 теңге (10 АЕК) айыппұл салынады», деді Салтанат Әзірбек өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте.