
Әлеуметтік кодекске еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарға арнайы әлеуметтік төлем енгізу жөніндегі нормалар да енгізілді. Бұл төлем қызметкер 55 жасқа толған, кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген болса, азамат зиянды жұмыстардағы қызметін тоқтатқан кезде төленеді.
Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен байланысты азамат арнайы әлеуметтік төлем алу, зиянды жұмыстан кету немесе қалу мәселесін өзі шешеді.
Сондай-ақ өндірісте зардап шеккен адамдардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау бойынша нормалар ұсынылды.