Оқиға • 15 Қараша, 2023

Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тағы тексеріс басталды

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тексерістің басталуына «Көшпенділер» киножобасы аясында салынған «Түркістан» бекінісінің 44 есе төмен бағада сатылуы түрткі болған. Бұл туралы Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тағы тексеріс басталды

Фото: Голос народа

«2017 жылы Алматы облысындағы Іле өзені жағасында «Көшпенділер» киножобасы аясында салынған «Түркістан» бекінісі Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы басшылығымен үлестес коммерциялық ұйымға нарықтық бағадан 44 есеге төмен сатылды. Қазіргі кезде осы активті және жер учаскесін мемлекетке қайтару бойынша іс-шаралар қолға алынды», деді Арман Тілеукенов.

Ресми өкіл осы қылмысқа экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқанын растады.