Аймақтар • 15 Қараша, 2023

Жетісу облысы ПД бастығы мен оның орынбасарлары қызметінен босатылды

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорғанда полиция бастығының қатысуымен болған оқиға қоғамға қозғау салғаннан кейін ІІМ басшысы Ержан Саденов ІІМ орталық аппараты қызмет басшыларынан құралған арнайы топпен Жетісу облысына арнайы барды, деп жазады Egemen.kz.

Жетісу облысы ПД бастығы мен оның орынбасарлары қызметінен босатылды

Кездесуде ІІМ басшысы Жетісу облысының полиция басшыларына қатысты қабылданған шешімді жария етті.

Отырысқа облыс әкімі Бейбіт Исабаев та қатысты.

«Ел азаматтарының конституциялық құқықтарын қорғайтын полиция қызметкері үшін заң мен тәртіп бірінші орында болуы керек. Құқыққа қайшы келген азаматтар мен полицейлердің заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылуы тиіс. Заң бәріне ортақ», деп атап өтті министр Ержан Саденов.

Сондай-ақ кездесуде ІІМ басшысы Жетісу облысының полиция басшыларына қатысты қабылданған шешімді айтты.

Осылайша, облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов қызметінен босатылды. Оның бірінші орынбасары Жасұлан Байкеновке қызметтік сәйкестіктің толық  еместігі туралы ескертілді. Облыстық департамент бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Талант Жұмабек пен тергеу бойынша орынбасары Мақсат Ережепов те өз қызметтерінен босатылды.