Аймақтар • 16 Қараша, 2023

«Мұғалімге көмекші робот» жасады

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушылары – Жомарт Кәрім, Әлім Оспанов және Жәңгір Жармұхамбетов мектеп мұғаліміне көмекші болатын роботтың жобасын жасап шықты.

«Мұғалімге көмекші робот» жасады

«Біз жасаған «Мұғалімнің көмекші роботы» ұстаздың біраз қызметін өзі атқарады. Мысалы, оқушылардың тест жауаптарын, білім деңгейін автоматты түрде жасанды ин­теллекті арқылы тексеріп береді. Сабақ кестесін рет­тейді. Сонымен қоса тоқсан соңында берілетін тапсырма­ларды электронды түрде жа­сайды және тексерістен өткізеді. Роботтың өзінің ар­­найы камерасы бар. Сол ар­қылы қай оқушының шар­шап отырғанын, қай оқушы­ның ұйқысы келіп отыр­ғанын бірден «біледі». Бұ­дан өзге де қызықты функцияла­ры бар», дейді жас өнер­тап­қыштар.

Дәл осы жоба жақында Қарағандыда өткен «ROBOLAND-2023» VIII халық­аралық роботтехника және ин­новациялық жобалар бай­қауында жүлделі ІІI орынды жеңіп алған. Оқушы шығармашылығын дамытып, роботтехника саласына қызығушылығын арттыру және инженерлік қабілетін шыңдау мақсатында өткен бұл сайысқа Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Грекия мем­лекеттерінен және еліміздің әр өңірінен жас өнертапқыштар қатысқан болатын.

«Бұл байқаудың ауқымы кең болды, мыңға жуық оқу­шы өз жобасын таныстырды. Біздің санат бойынша 20 команда сынға түсіп еді. Оқушылар үмітті ақтады, 3-орын­ды иеленді», дейді мек­­тептегі роботтехника үйір­ме­сі­нің жетекшісі Нұрбол Қы­рықбаев.

Айта кетейік, Орал қала­сы Назарбаев зияткерлік мек­тебінде «Роботтехника» үйір­месі жемісті жұмыс істеп ке­леді. Мектеп қоржынында бұл бағыт бойынша көптеген халықаралық, республикалық деңгейдегі жүлде бар.

 

Батыс Қазақстан облысы