Құтқарушы • 17 Қараша, 2023

Атыраулық құтқарушылар жоғалған қызды аман-есен тапты

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласында 14 қарашада сағат 21:50-де үйінен белгісіз бағытқа шығып, оралмаған жиырма жастағы қызды бүгін сағат 10:20-да атыраулық құтқарушылар аман-есен тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыраулық құтқарушылар жоғалған қызды аман-есен тапты

Фото: gov.kz

Төтенше жағдайлар ведомствосының баспасөз қызметінің мәліметінше Атырау облыстық ТЖД-не 16 қарашада жоғалған бойжеткеннің туыстары көмек сұраған өтінішін беріп, құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарына дереу кіріскен.

Облыстың ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оны аман-есен тауып, ПД қызметкерлеріне тапсырды.

Бойжеткеннің жоғалу себебі анықталып жатыр.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД 5 қызметкері, 1 кинологиялық есептобы, 1 техникасы жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар

Мақсаты – Марсты зерттеу

Білім • Бүгін, 08:35

Қара шоколадтың құдіреті

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Ауылдан ашылған «ақылды» ферма

Шаруашылық • Бүгін, 08:25

Кактус – табиғи сүзгі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20