Аймақтар • 19 Қараша, 2023

СҚО-ны қар басып қалды: 1 тәулікте 1 ай нормасындағы қар жауды

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында 18 қараша күні 1 тәулікте 1 ай нормасындағы қар жауды, деп жазады Egemen.kz.

СҚО-ны қар басып қалды: 1 тәулікте 1 ай нормасындағы қар жауды

«Қазгидромет» РМК филиалының Петропавлдағы метеостанциясы 18 қараша күні 24 миллиметр жауын-шашынды тіркеген. Ал қараша айының басынан бастап өңірде 32,8 миллиметр қар түскен. 

Бүгін Есіл ауданының Явленка ауылында 19,4 миллиметр, ал Ясновка ауылында – 45,4 миллиметр жауын-шашын түскен. Шал ақын ауданындағы Сергеевкада – 31,7 миллиметр жауған, мұнда қардың орташа көп жылдық мәні 26 миллиметр болып тіркелген.

Бүгін қардың ең аз мөлшері Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында жауған – 5,6 миллиметр, Ғ.Мүсірепов ауданының Андреевка ауылында және Ақжар ауданының Қызылтүс ауылында қар көлемі  5,8 миллиметр болған.

Айта кетейік, облыста бүгін дауыл туралы ескерту жарияланған. Онда қарлы боран, күндіз солтүстік-батыстан жел, түнде солтүстік желі 15-20 м/с болады деп болжанып отыр.