Футбол • 19 Қараша, 2023

Словения - Қазақстан матчының төрешілері белгілі болды

607 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің соңғы турында кездесетін Словения – Қазақстан матчының төрешілері белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Словения - Қазақстан матчының төрешілері белгілі болды

Матчтың бас төрешісі - поляк Шимон Марчиняк.

Оған отандастары Павел Сокольницкий мен Адам Купсик көмектеседі. Қосалқы төреші де сол елдің өкілі - Павел Рачковски. 

Ел құрамасы H тобында 9 ойыннан кейін 18 ұпай жинап, үшінші орында тұр. 

Бұл топта Дания 22 ұпай жинап, бір тур бұрын құрлықтық доданың финалдық сатысына жолдама алды. Ал Словенияның еншісінде 19 ұпай бар.

Топтағы екінші жолдаманың тағдыры Словения және Қазақстан кездесуінде шешіледі.