Оқиға • 19 Қараша, 2023

Семейдегі екі кәсіпорында өрт шықты

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше Семейде екі кәсіпорын аумағында өрт болды, деп жазады Egemen.kz.

Семейдегі екі кәсіпорында өрт шықты

Жергілікті ТЖД 19 қараша күні сағат 03:55–те Qazaq Astyq Group ЖШС аумағында және «Агро серіктес инвест» ЖШС аумағында өрт болғанын хабарлады. Тілсіз жаудың салдарынан минифургонның алдыңғы бампері, тоңазытқыш, жылжымалы контейнер, ағаш паллеттер мен пластмасса жәшіктер өртеніп кеткен. 

ТЖД мәліметі бойынша өрт 06:29-да оқшауланып, 10:19-да сөндірілді. Өртті сөндіруге жеке құрамның 68 қызметкері және Абай облысы ТЖД 13 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ өртті сөндіруге ҚТЖ, Qazaq ASTYQ Group ЖШС МӨҚҚ өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. 

«Кәсіпорынның баспасөз қызметі өртті сөндіруге Qazaq astyq Group мұнай экстракция зауытының күштері де белсенді қатысқанын атап өтті. Кәсіпорынның жеке өрт сөндіру бөлімінің 4 өрт сөндірушісі, кәсіпорынның 32 қызметкері, 1 автоцистерна, 2 тиегіш, 2 камаз, 1 ассенизаторлық машина өртті сөндіруге жұмылдырылды», деп атап өтті зауыттың баспасөз қызметі. 

ТЖД өрттің себебі анықталып жатқанын жазды.