Технологияның көмегімен ақпарат қолжетімді форматқа ауыстырылғаннан кейін пайдаланушы мәтінмен танысып, әрі қарай ақпаратты кеңінен іздеуге мүмкіндік алады. Оқу машиналары құжаттағы, кітаптағы және журналдағы мәтінді сканерлеп, жоғары дәлдікпен әрі аудио түрінде жеткізе алады. Мәтін бойынша іздеу пайдаланушыларға мәтінді жылжытуға, қажетті бөлімге, келесі бетке өтуге көмектеседі. Оқу барысы және зерттеу үдерісін ыңғайлы әрі тиімді етуге ықпал етеді. Келесі жылы қала кітапханаларын осындай құрылғылармен толыққанды жабдықтау көзделіп отыр.
АЛМАТЫ