Мереке • 20 Қараша, 2023

Қазақстанда екі жаңа кәсіби мереке пайда болды

754 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2023 жылғы 17 қарашадағы бұйрығымен Еңбек министрлігі кәсіби мерекелер тізбесіне тиісті өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда екі жаңа кәсіби мереке пайда болды

Фото: pexels.com

Кәсіби мерекелер тізіміне «1 ақпан – Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация қызметкерлерінің күні» және  қарашаның үшінші сенбісі «Бұрғышылар күні» қосылды.

Жаңа мерекелерден басқа, тізімге тағы 53 кәсіби мереке кіреді:

10 қаңтар – Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан күні;

2 ақпан – Ұлттық баспа күні;

Наурыздың екінші сенбісі – Жерге орналастыру, геодезия және картография күні;

Сәуірдің бірінші жексенбісі – Геолог күні;

12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күні; 

21 сәуір – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күні;

17 мамыр – Байланыс қызметкерлері күні;

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні;

Мамыр айының соңғы жексенбісі – Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні; 

5 маусым – Эколог күні;

7 маусым - Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің күні; 

9 маусым – Әскери қызметкерлер мен мемлекеттік органдардың арнайы жасақтары қызметкерлерінің күні;

23 маусым – Полиция күні; 

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні;

24 маусым – Судьялар мен сот қызметкерлерінің күні;

Маусым айының екінші жексенбісі – Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні;

Маусым айының екінші жексенбісі – Мал өсірушілер күні;

Маусымның үшінші жексенбісі – Медицина қызметкерлерінің күні; 

28 маусым – БАҚ күні; 

2 шілде – Дипломатиялық қызмет күні;

9 шілде – Су қызметкерлері күні; 

13 шілде – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары күні;

14 шілде – Нотариус күні; 

Шілденің екінші жексенбісі – Балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні; 

Шілденің үшінші жексенбісі – Металлургтер күні;

Шілденің төртінші жексенбісі – Сауда қызметкерлерінің күні; 

Тамыз айының бірінші жексенбісі – Көлік қызметкерлері күні; 

Тамыз айының екінші жексенбісі – Құрылысшылар күні; 

18 тамыз – Шекарашылар күні;

Тамыз айының соңғы жексенбісі – Шахтер күні; 

Қыркүйек айының бірінші жексенбісі – Мұнай және газ қызметкерлерінің күні; 

28 қыркүйек – Ядролық қызметкерлер күні;  

30 қыркүйек – Әділет қызметкерлерінің күні; 

Қыркүйектің соңғы жексенбісі – Инженер-механик күні; 

1 қазан – Радио күні;

5 қазан – Мұғалімдер күні; 

6 қазан – Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні; 

10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күні; 

19 қазан – Құтқарушылар күні; 

Қазан айының үшінші жексенбісі – Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні;

24 қазан – Кітапханашылар күні; 

Қазан айының соңғы жексенбісі – Әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің күні; 

29 қазан – Күзет қызметкерлері күні; 

5 қараша – Сыртқы барлау күні; 

8 қараша – Статистика күні; 

10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күні; 

15 қараша – Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің күні;

Қарашаның үшінші жексенбісі – Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні; 

5 желтоқсан – Адвокатура күні; 

6 желтоқсан – Прокурор күні; 

Желтоқсанның үшінші жексенбісі – Энергетиктер күні; 

20 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні

22 желтоқсан – Мұрағатшылар күні;  

Бұйрық 2023 жылғы 17 қарашада күшіне енді.

Қазақстанның азаматтық авиация қызметкерлері күнін белгілеу туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясы соғыс және еңбек ардагерлерінің біріккен кеңесінен түскен.

Екінші ұсынылып отырған мерекеге қатысты бұрғылаушы мамандығы тау-кен өнеркәсібінде кәсіби деңгейді көтеруге ықпал ететін жалпы мамандықтардың бірі. Сондықтан бұрғышылар күні кәсіби мерекелер қатарына қосылды.