Алматы • 20 Қараша, 2023

Тамақ сапасын тексереді

211 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты­ жас­­тарды анықтау және қолдау орталы­ғын­да тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомство­ара­лық сараптама тобының отырысы өтті.

Тамақ сапасын тексереді

Мәселенің мәнісін анық­тау үшін мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында та­мақтану сапасына монито­ринг жүргізу жөніндегі комиссиялар жұмыс істеген болатын. Оның құрамында ме­дицина қызметкерлері, мек­­теп әкімшілігі және ата-ана­лар комитеттерінің өкіл­де­рі бар.

Тамақтанудың норма­лар мен стандарттарға сәй­кес­тігін қамтамасыз ету мақ­сатында топ жұмысы қала­ның барлық мектебінде бекітілген дастарқан мәзі­рін­ қадағалайды. Мәзір тамақ­та­ну нормаларын, Қазақ тамақ­тану академиясының ұсы­ным­дарын, балалардың жас ерекшеліктерін ескере­ оты­рып әзірленгені бел­гі­лі. Мектеп мәзірі туралы­ ақпарат ашықтық пен қолжетімділікті қамта­ма­сыз ету үшін білім бас­қар­ма­сының және білім беру ұйым­дарының интернет-ресурс­­тарында жарияланатын болады.

Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінде білім алушылар биыл 830 теңгеге тамақ­танады. Осы жылы баға­сына сай тағам түр­лері де көбейген. Бұл бала­лар­ға сапа­лы тамақтануға мүм­кін­дік береді.

Алматы қаласы білім бас­­қар­масының басшысы Ләз­зат­ Жыл­қыбаеваның айтуынша, мемлекеттік білім беру меке­­ме­лерінде тамақтану сапа­сын бақылау және қам­та­­масыз ету­ жүйесі балалар мен жасөс­пі­рім­дердің ден­сау­лығы мен бола­шағына қам­қорлық жасау­да­ шешуші рөл атқарады. Оқу­шы­лардың тамақ­тануын бақы­лау­ және қада­ғалау жоғары стан­дарт­­­­тарға жетуді көздеумен қатар болашақ ұрпаққа қам­қор­лықты көрсетеді. Биыл бюд­жет есебінен 1-4-сынып оқу­шыларын тегін тамақпен қам­та­масыз етуге 18,6 млрд теңге және халық­тың әлеуметтік осал топ­­тары санатындағы 5-11-сынып­та­ оқитын оқу­шы­­­­ларды тегін та­мақпен қам­­тамасыз етуге 1,8 млрд теңге бөлу жоспарланған. Те­гін тамақтануға арналған жал­пы­ бюджет 20,4 млрд теңгені құрайды.

Тамақтану сапасына­ қа­тысты өтініштер мен ша­ғым­дар түскен жағдайда, ведомст­воаралық сарап­та­ма тобы мектептер­де тамақ­та­нуды ұйым­дас­ты­ру­ды­ жақсарту үшін тексеру жүр­гізеді. Бұл бақылауды қам­тамасыз ете отырып, сапа стан­дарттарын сақтауға және оқушылардың дұрыс тамақ­­­тануын қамтамасыз етуге ынталандырады.

Қазіргі уақытта тамақ­та­ну сапасын бақылау жөнін­де­гі ведомствоаралық сараптама тобының ережесі қалалық әкімдік қаулысымен бекі­тіліп, мониторинг актісіне орай ұсынымдар әзірленді.

 

АЛМАТЫ