Аймақтар • 21 Қараша, 2023

Қарағанды полицейлері 63 млн теңге жымқырған хакерді ұстады

51 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында телефон және интернет-алаяқтарына алданған азаматтардың саны жыл басына қарағанда азайған. Төртінші тоқсанда алаяқтардың құрбаны болған жәбірленушілердің барлығы алаяқтардың айла-тәсілдерінен хабардар болған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды полицейлері 63 млн теңге жымқырған хакерді ұстады

– Мәселен, Қарағанды қаласында алаяқтың құрбаны болған жәбірленушіден жауап алу барысында ол: «Мен алаяқтардың қандай тәсілдермен азаматтарды алдайтынынан хабардар болдым. Бұл туралы бірнеше рет телеарналардан да ақпараттар берілді. Алайда бұның маған қатысы болмайды деп ойладым», деді. Қазіргі уақытта республика бойынша телефон және интернет-алаяқтығының алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Мысалы, Қарағанды қалалық полиция басқармасының «Киберпол» қызметкерлерімен қаладағы мекемелердің біріне хакерлік шабуыл жасаған Теміртау қаласының тұрғыны ұсталды. Ол вирусты бағдарламаларды пайдалану арқылы мекемеден 63 млн теңге ақша жымқырған. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Сондай-ақ спикердің айтуынша, Теміртау қалалық полиция басқармасының қызметкерлерімен өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырып, жалған қызметтік куәлік көрсетіп, елді алдаған алаяқтар тобы ұсталған. Күдіктілер тұрғындарға 7 млн теңге көлемінде шығын келтірген. Олар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар қарағандылық полицейлер Алматы қаласында көршілес елдің азаматын ұстады. Ол өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, тұрғындардан 35 млн теңге ақша жымқырған. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Көмекші білезік

Қоғам • Бүгін, 20:27

Германия – әлем чемпионы

Футбол • Бүгін, 20:15

Grand Slam: Әзірге қоржын бос

Спорт • Бүгін, 20:05

Төрт өреніміз – финалда

Бокс • Бүгін, 19:53

Қыздардың қарқыны күшті

Спорт • Бүгін, 19:35