Ұлттық спорт • 22 Қараша, 2023

Ұлттық ойындар ұлықталды

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітап­ханада ұлттық ойындар заман талабына сай цифрлық әдіспен түсіндіріліп, насихатталып жатыр.

Ұлттық ойындар ұлықталды

Ұлттық ойындар чел­ленджіне орай ұйым­дас­ты­рылған шарада оқушылар VR-көзілдіріктің көмегімен асық атып, 3D принтер арқылы сақа жасады.

Оқу-ағарту министрлігінің 17 қарашада еліміздің барлық мектебінде бір мезгілде ұлт­тық ойындардан жарыс өт­кізу туралы хабарландыруы­на байланысты кітапхана ұжымы аталған күнді заман талабына сай ұйымдастыруды жөн көрген.

ва

– Қазақтың ұлттық ойын­дарынан аларымыз көп. Асық атудан бастап бестас сынды ойындарымыз бүгінгі қо­ғам­ға өте керек деп ойлаймын. Себебі қазіргі балаларға бұл ойындардың берері мол. Көш­пелі халқымыз ойын арқылы баланың дамуына, ой өрісінің кеңеюіне ықпал ете білген. Мысалға, бестас­ты алып қарасақ, ол баланы ептілікке, ұшқырлыққа баулиды. Жылдам шешім қабылдап, ұтқыр болуға үй­ретеді. Тіпті бала тілінің же­тілуі де осы ойынға байланысты, – дейді кі­тап­хана қызметкері Айдариға Әші­рап.

сми

Іс-шара барысында оқу­шы­ларға ұлттық құндыл­ық­тарымыз бен ұлттық ойындарымыз дәріптеліп, бестас, тоғызқұмалақ, асық атудан ойын өтті. Заманауи технологиямен жабдықталған киіз үйде балдырғандар VR көзілдірік көмегімен көшпенділер өмі­ріне саяхаттап, ұлттық ойынымыз асық атуды онлайн режімде де ойнап көрді. Ұлттық ойынға Өскемен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Алмаз Болатұлы да қатысып, бестас­тан бағын сынап көрді. Асыр сала ойнап жүрген балаларға сәттілік тіледі.

 

Өскемен