Пікір • 26 Қараша, 2023

Баянды бір жыл

141 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кейінгі 365 күнде не өзгерді? Бір қарағанда қас-қағым сәт сияқты. Бірақ жасалып жатқан саяси-экономикалық реформалар бір жылда да біраз жұмысты атқаруға болатынын дәлелдеді. Бастысы, Қазақстанның демократиялық даму бағдары айқындалды.

Баянды бір жыл

Президент сайлауы елдегі саяси өзгерістерге түрткі болды. Нә­ти­жесінде, Парламенттің қос палатасы да, мәслихаттар да қай­та сай­ланып, жаңартылды, 45 аудан мен облыстық ма­ңызы бар қа­лада алғаш рет әкім­дер сайлауы өтті. Әрине, сай­­лаушылардың өз дауыс­та­рының маңыздылығын то­лық сезінуі үшін бұл өте аз уақыт. Бірақ сайлау мәде­ниетінің негізі қаланды. Ауыл әкімі, мәслихат, Парламент депутаттығына сай­лауға көзқарас өзгерді. «Халық – билік, билік – халық» деген формуланы дәл осы сайлаулар айқындай түсті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары орындала бас­та­ғаны белгілі. Бағдарламаның түп қа­зы­ғы экономикада адал және нақты ереже белгілеу болатын. Жылдар бойы талан-таражға түскен мемлекет байлығы қай­та­­рыла бастады. Шамамен 1 трлн теңге сомасындағы заңсыз са­тып алынған активтер елге қайтарылды. Экономиканы монополиясыздандыру бойынша жүйелі жұмыс жалғасып келеді. Монополиясыздандыру жө­ніндегі комиссия жұмысының нә­тиже­лері бойынша респуб­ли­ка­лық меншікке өтті.

Мемлекет салықтық, бюджет, ақша-кредит және тарифтік сая­сатты теңгерімді және ашық жүргізіп, ішкі өндірісті және ши­кі­заттық емес экспортты ынталандыратын болады.

Қ.Тоқаев Президент болған бірінші жылда сайлауалды бағ­дар­ламасын іске асыру жөнінде ір­гелі дайындық жұмыстары жүр­­гізілді. Бағдарламаның мақ­сат­тары мен міндеттері мем­лекеттік органдардың ағым­дағы жоспарларымен үйлестірілді, оны іске асыру үшін заңнамалық негіз жасалды.

Президент өзінің сайлауал­ды бағдарламасында елді дамы­тудың жаңа экономикалық үл­гі­сіне көшуді белгілеп берген еді. Нәтижесінде, 2022-2023 жылдары 41,3 млрд доллар тікелей шетелдік инвес­ти­ция тартылды. Өнеркәсіп сала­ла­рының орта және жоғары қайта бөлу өнімдерін өндіруге қажетті базалық материалдың қа­жеттілігіне талдау жүргізілді. Отан­дық өндірушілер мен өнер­­­­­кәсіптік-инновациялық қыз­­­мет субъектілері арасында шикізат жеткізу бойынша міндеттемелерді енгізуге бағыт­талған «Өнеркәсіптік сая­сат туралы» заңға түзетулер әзір­ленді. Бұл өңдеуші өнеркәсіп кәсіп­орын­дарының қолжетімді баға­дағы шикізатпен толық қуа­тында қамтамасыз етуге мүм­кіндік береді.

Өндірушіден соңғы тұтыну­шы­ға дейін тауарларды өткізудің ашықтығын қамтамасыз ететін тұтас кешен – Ұлттық қадағалау жүйе­сі енгізілді.

Мұның өзі бірінші жылы оң өзгерістер бойынша жақсы қар­қынға қол жеткізілді деп ай­туға негіз болады. Мемлекет осы қар­қынды сақтап қалуға тиіс, әри­не, қоғам мемлекетке бұл істе кө­мек­тес­уі керек.

 

Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ,

Сенат депутаты