Қоғам • 27 Қараша, 2023

Hi-Tech: Республика аумағында 125-тен аса киберқылмыс тіркелді

116 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда Қазақстанда, сондай-ақ бүкіл әлемде киберқылмыс, оның ішінде телефон және интернет-алаяқтық өзекті мәселеге айналды. Ішкі істер министрлігі Қазақстанда күрт көбейген киберқылмысты тоқтату мақсатында 20-22 қараша аралығында «Hi-tech» ауқымды жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Hi-Tech: Республика аумағында 125-тен аса киберқылмыс тіркелді

Фото: ашық дереккөзден

Үш күндік «Hi-Tech» іс-шарасын өткізу кезінде республика аумағында 125-тен аса киберқылмыс тіркелді. Сонымен қатар бұрын жасалған 300-ге жуық қылмыс анықталды. Оның ішінде 270-тен астамы интернеттегі алаяқтық. Алаяқтар азаматтарды алдау үшін әртүрлі сылтауларды қолданады.

«Мысалы, Астана тұрғыны мессенджер арқылы мемлекеттен пәтер алу үшін кезекті жылжыту сылтауымен қызмет ұсынған. Қазіргі уақытта оның 25 осыған ұқсас фактіге қатысы бар екендігі дәлелденді, соның салдарынан азаматтар 12 млн теңгеден астам сомаға алданған. Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы жазылым алынып, іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Алаяқтық жасаудың тағы бір кең таралған тәсілі – жүк тасымалдау қызметтерін ұсынуға арналған интернет сайттарын пайдалану. Осындай алаяқтардың бірін Ақмола облысының қызметкерлері Қостанай қаласында ұстады. Оның тағы осындай 15 қылмысқа қатысы бар екені дәлелденді. Залал сомасы және басқа жәбірленушілер анықталып жатыр. Қазіргі таңда күдікті осы айыппен уақытша ұстау изоляторына қамалды», делінген ІІІМ хабарламасында.

Министрлік мұндай алаяқтық схемаларының әлі де қауіпті екенін ескертіп, онлайн-сауда барысында тұрғындарды сақ ойлауға шақырады. 

ІІМ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жылдың қараша айнынан, бүгінге дейін 43 миллионнан астам «шетелдік алаяқтардың» әрекетіне тосқауыл болған.

«Сонымен қатар жыл басынан бері қаржы пирамидалары мен басқа да алаяқтық ұйымдардың заңсыз әрекеттерін жарнамалайтын 682 күдікті сайт анықталды, олардың 113-і бұғатталды», делінген ІІІМ хабарламасында.