«Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ. Омаров атындағы шахта проходкалау трестінің 1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлері ауыр жарақат алып, қайтыс болды.
«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», деп хабарлады өндірістің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Еске сала кетейік, 22 қараша күні «Қазақмыс» компаниясының Жезқазғандағы №2 өңдеу зауытында конвейер машинисі қаза тапқан еді.