Аймақтар • 29 Қараша, 2023

Ұлытаудағы «Ұлар»

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Мен жанбасам лапылдап, Сен жан­басаң лапылдап, Біз жан­басақ лапылдап, Аспан қалай ашыл­мақ?» демекші, аға буынға қарап ауыз ашып, алақан жайып отырмай, жастардың тізгінді өз қолдарына алғаны көңіл қуантады.

Ұлытаудағы  «Ұлар»

Ұлытау облысының орталығы Жез­қазған қаласында тұратын бір топ жас ақын өзара бас қосып, облыстық әдеби клуб ұйымдастырды. Клубқа «Ұлар» атауы берілді.

Құрамына Жанат Әбдіғожин, Медет Қарахметов, Абай Ораз, Мұқағали Сейт­қазы, Қанат Мусин, Мәди Олжабай және Жоламан Мағзұм тәрізді жас таланттар топтасқан әдеби клуб «Жайлауы жас қаламның – албырт сезім» тақырыбымен облыс аудан, қалаларын аралап, поэзия кештерін өткізе бастады.

«Біз қазірдің өзінде Жаңаарқа ауда­нының орталығы Атасу кентінде, Қаражал қаласында, Ұлытау ауданында жырсүйер қауыммен жүздестік. Мақсат – көпшіліктің өлеңге, жалпы әдебиетке деген қызығушылығын ояту. Сонымен бірге ел арасында жүрген талантты жастарды іздестіру. Алдағы уақытта облыс орталығында үлкен поэ­зия кешін ұйымдастыру ойымызда бар. Бұл кешке ауылдардағы, аудан, қалалардағы қатарымызға қосылған жас­тар да қатысатын болады», дейді клуб төрағасы Абай Ораз.

 

Ұлытау облысы