Өнер • 03 Желтоқсан, 2023

Димаш Құдайберген Будапештте концерт береді

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген 2024 жылы, 4 мамыр күні Будапештте жеке концертін өткізеді. Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Димаш Құдайберген Будапештте концерт береді

«Менің Stranger концерттік турым жаңа 2024 жылы Еуропада басталатынын хабарлауға қуаныштымын. Дунай жағалауында әдемі Будапешт қаласында – Венгрияның астанасында сіздермен кездесуді асыға күтемін», деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасында.

оо

Ал әншінің жеке сайтында концерт Будапешттің ең үлкен жабық алаңдарының бірі – Ласло Паппа атындағы спорт алаңында өтетіні жазылған.