Үкімет • 03 Желтоқсан, 2023

Ел тарихының көптомдығы

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақ­стан тарихы» атты әзірленіп жатқан жаңа ака­демиялық көптомдықтың редакция алқасымен кездесті. Жиында зерттеудің нәтижесі қаралды.

Ел тарихының көптомдығы

Академиялық басылым том­дарының жетекшілері – Ә.Х.Мар­ғұлан атындағы Архео­логия инс­титутының бас директоры Ақан Оңғар, Жошы ұлысын зерттеу ғылыми институтының директоры Жақсылық Сәбитов, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу жөніндегі республикалық ақпараттық орталықтың директоры Меруерт Әбусейітова, Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған Мемлекеттік кеңесшіні жалпыәлемдік үдеріс­тер аясында Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері қалай жазылып жат­қанынан хабардар етті.

Кездесу қорытындысы бойынша Ерлан Қарин ғылыми іссапар барысында шетел архив­терінен табылған төл тарихымызға қатыс­ты жаңа мұра­ғат құжаттары және кейін­гі жыл­­дар­дағы археологиялық зерттеу­лер­дің қорытын­дылары осы іргелі ғылыми еңбекке енуге тиіс деп атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекеттік кеңес­ші сапалы басылым әзірлеу үшін ғалымдардың бұл жұмысқа жауап­кер­шілікпен қарауы, авторлар мен редакторлардың тынымсыз еңбек етуі өте маңызды екенін айтты.