«Кейде әйелді тек әйел ғана түсіне алады. Сондықтан біз әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарын тергеуде әйел тергеушілерді мамандандыруды енгіздік. Қазақстанда алғаш рет тек әйелдерден тұратын полиция бекеті пилоттық режимде құрылды. Енді зардап шеккен қыз-келіншектер басына түскен қиын жағдайлар туралы еркін шағымданып, қорғауды сұрай алады. Бұл тәжірибе жақын арада бүкіл ел көлемінде іске асырылатын болады», деді Ерлан Қошанов.
Алғашқы әйелдер полиция бөлімшесі қазан айында Қарағанды қаласында құрылды. Бұл бөлімшеде тек арыз-шағымдар қаралмайды. Сондай-ақ әйелдердің заңгер, психолог, теолог, полиция қызметкерлерінен тиісті кеңес алуға мүмкіндігі бар.