Фото: Olympic.kz.
Алғашқы жарыс күні үш рекорд жаңарды. Нақты атағанда, Софья Сподаренко 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты (26.63). Әділбек Мусин де аталған қашықтықта ел рекордына түзету енгізді (22.89). Ксения Игнатова 200 метрге еркін әдіспен жүзуде 1.58.78 көрсеткішімен Қазақстан рекордын жаңартты.