Елордада 6 желтоқсан күні барлығы 16 447 адам вакцинацияланды. Жаппай вакцинация қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді деп атап өтті санитарлық дәрігер.
«Біздің бүгінгі басты міндетіміз – қызылшадан болатын өлім мен асқынулардың алдын алу.
Вакцинация инфекция ошақтарында да жүргізіледі, онда 1733 байланысқан адам екпе алды, сондай-ақ қызылшаға қарсы екпе алмаған 18 жасқа дейінгі адамдар анықталды, бүгінгі күні жыл басынан бері 14 374 адам анықталды, оның ішінде 12 746 (88%) екпе алды», деп хабарлады Сархат Бейсенова.
Санитарлық дәрігер аурудың алғашқы белгілері байқалған бойда дереу дәрігерлердің көмегіне жүгіну керектігін ескертеді.
Оларға мыналар жатады: температураның 38-40°C дейін көтерілуі; бас ауруы, әлсіздік; тәбеттің төмендеуі; конъюнктивит, ринит, жарыққа қарай алмау; құрғақ, ауыр жөтел; дауыстың қарлығуы; қызылша энантемасы – таңдайдағы жұмсақ және қатты үлкен қызыл дақтар, аурудың шамамен 3-4 күнінен кейін денеге түсетін бөртпе.
«Қызылшаға қарсы вакцинация – қызылшаинфекциясын, сондай-ақ оның асқынуын болдырмайтын жалғыз тиімді құрал. Осыған байланысты ата-аналарды өз балаларының денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, вакцинаны уақытында алуға, сондай-ақ қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау аясында баланы вакцинациялауға шақырамын», деді елорданың санитарлық дәрігері.