Оқиға • 07 Желтоқсан, 2023

«Жер сілкінгенін сездік». Ақтауда 3 балдық жер сілкінісі тіркелді

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «SOME» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі бүгін Алматы уақыты бойынша 10 сағат 15 минут 40 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жер сілкінгенін сездік». Ақтауда 3 балдық жер сілкінісі тіркелді

«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС 7 желтоқсан күні Алматыдан 2289 км жерде, яғни Әзербайжан аумағындағы Каспий теңізінде жер сілкінісін тіркеген. Жер сілкінісінің магнитудасы — 5.7. Эпицентр координаты — 41,09° с. е. 49,71° ш. б. Тереңдігі — 35 км. МSК-64 шкаласы бойынша Ақтауда 3 балдық жер сілкінісі сезілген», делінген хабарламада.

Сонымен қатар қала тұрғындары жер сілкінісін сезгендері жайлы әлеуметтік желіде хабарлаған. 

«Иә, жер сілкінгенін байқадық. Үйдегі заттар қозғалды». «Кәдімгідей сезілді». «Иә, жер сілкінді», деп жазды олар.