talgargazeti.kz
Үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған Тимур Поповты іздеу мақсатында құрылған жедел-іздестіру тобы оның жүрген бағытын анықтап, 1989 жылы туған азаматтың Талғар қаласына барғанын нақтылаған. Бүгін полиция қызметкерлері Т.Поповтың телефоннан әйеліне «SOS» дабылын жолдаған жерден 1,5 шақырым қашықтағы «Талғар» өзенінің аңғарын сүзе қарап, оның мәйітін тапты.
Адам өлімінің себебін анықтау бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.