Қоғам • 07 Желтоқсан, 2023

Азаматтарға арналған үкімет көпфункционалды орталықта қызмет көрсетеді

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көпфункционалды орталығы (КҚКО) жұмыс істей бастады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен «Атамекен» Ұлттық палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы бірлескен меморандумның аясында жүзеге асып отыр.

Азаматтарға арналған үкімет көпфункционалды орталықта қызмет көрсетеді

Кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көпфункционалды орталығын ашу - Президентіміздің Бизнес үшін үкімет құру жөніндегі тапсырмасын іске асырудағы кезекті қадам. Осыған дейін мұндай орталықтар Астана, Шымкент қалаларында ашылған болатын. Мұнда қаладағы мемлекеттік органдар мен банктердің өкілдері орналасқан. Кәсіпкерлерге  мыңға жуық қызмет түрі көрсетіледі. Кәсіпкерлер барлық қызметтерді бір жерде және бір өтініш бойынша ала алады.

«Кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көпфункционалды орталығында ХҚО маманы да қызмет көрсетіп отыр. Ол ашылғалы бері, 10 күн ішінде 1 мыңнан аса қызмет көрсетіп үлгерді. Азаматтар көбіне мемлекеттік қызметтерді онлайн алу бойынша кеңестер алуға жүгінуде. Сонымен қатар Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу, Жауапкершілігі шектеулі серіктес ашу, бірінші несие бюросы анықтамаларын алу, электрондық сандық қолтаңба жасату сияқты азаматтарға бизнес жоспарларын іске асыру үшін қажетті мемлекеттік қызметтерді де ұсынады.

Орталықта сервистік қызметтер көрсету, халықтың кәсіпкерлік сауаттылығын арттыру, барлық кезеңдерде кәсіпкерлерді кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз ету тәрізді барлық қызметтерді алуға көмектеседі дейді орталықты ұйымдастырушылар.