Оқиға • 10 Желтоқсан, 2023

Екібастұз жылу электр орталығында апат болды

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 желтоқсанға қараған түні Екібастұз ЖЭО-да күл құбырында (күл шығару жүйесінен күл тасымалданатын құбыр) ақау анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
 

Екібастұз жылу электр орталығында апат болды

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС компаниясы ақау сағат 05:30-да ретке келтірілгенін мәлімдеді.

Зақымның салдарынан су жылыту қазандықтарының екінші цехының багер сорғысы су астында қалды. Ыстық резервтегі екі энергетикалық қазандық агрегаты іске қосылды.

Қазіргі уақытта станцияда 7 қазандық агрегаты (Nº 5, 6, 7, 9, 11, 13, 14), оның ішінде су жылыту цехының қазандығы уақытша мазутпен жұмыс істеп тұр.

Кәсіпорын бірнеше сағат ішінде қазандық сорғы стансасын іске қосу жұмыстары аяқталып, содан кейін көмірмен жұмыс істейтін ыстық су қазандықтары кесте бойынша қалыпты жұмыс істейтінін хабарлады.