фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік және төсек-орын жабдықтары түріндегі гуманитарлық жүк, сондай-ақ «СК-Фармация» ЖШС дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары жүк ұшағымен жіберілді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің 9 желтоқсандағы мәліметінше, тізімде барлығы 14 тауар түрі бар. Жүктің жалпы көлемі 38 тоннадан асады.