Жәдігер • 13 Желтоқсан, 2023

Шөген добы

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

М.Төрегелдин атындағы Жезді тау-кен және балқыту ісі музейінде көптеген жәдігер бар, соның бірі – шөген добы.

Шөген добы

Шөген деген не? Бұл қазір көпшілікке «поло» деген атпен танымал ойын түрі. Түп тамыры түркі даласынан бастау алған ойынды саяхатшы Марко Поло ағылшын еліне алып барып, содан әлемге «поло» атауымен тарап кетсе керек.

Бір ғажабы, бұл ойын еш­қай­да жоғалып та кетпеген. Бәлкім, еліміздің бар­лық аймағында болмаса да, бертінге шейін Ұлытау – Қар­сақбай жағында ойналғанға ұқсайды. Өйткені шөген добын музейге Ұлытау ауданы Боздақ ауылының тұрғыны Мырзахан Салахов есімді азамат 1989 жылы тапсырған екен.

– Бұл допты музейге тапсыр­ғанда Мырзахан ағамыз «Мұны бозбала кезімізде ауылда ат үс­тінде жүріп ойнайтынбыз. Мына допты маған анам кезінде сиыр­дың жүніне қыл қосып істеп берген. Жүн жұмырланып дома­лақ болу үшін арасына асық салған еді. Қазіргілер шөген ойнамайды. Үйде жатқанша, елдің көргені, білгені дұрыс» деген болатын. Міне, содан бері шөген доп осында тұр, – дейді музейдің бас қор сақтаушысы Зибагүл Нұрмағанбетова.

 

Ұлытау облысы