Байқау • 13 Желтоқсан, 2023

Тәшенов жүлдесі тапсырылды

211 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Дәстүрге айналған Жұмабек Тәшенов жүлдесі биыл да өз үздіктерін анықтады. Алғашқыда жылдың үздік ақынын ғана ардақтауды мақсат еткен игілікті шара қанатын кеңге жайды. Биыл он аталым бойын­ша үздіктерін үкіледі.

Тәшенов жүлдесі тапсырылды

Достық үйінде өткен іс-шара шымылдығы Жұмабек Тәшенов туралы қысқаша бейнефильммен түрілді.

Қарап отырсақ, осы бір жыл үздіктерін анықтайтын айтулы шараның Арқа жерінде ұйымдастырылып келе жатқанына он бес жылға жуықтапты. Дәс­түр­ден жаңылмай, жыл өткен сайын түрленіп өтуіне ай­тыскер ақын Айтбай Жұ­мағұлов еңбек сіңіріп жүр. Ал бұған жолынан жы­ғылмай, жомарттық танытып, демеушілік көрсетіп жүрген алтын жүректі азамат, «Жыл меценаты» Са­пар Ибкеевтің де атын атап өткеніміз жөн.

– Ел тонауға, жер та­лауға түскенде туған елі үшін астындағы тағын тәрк еткен текті тұлға, Алаш арыс­тарының аманатын орындаған Жұмабек Тә­шенов болатын. Біз қаһар­ман ұлдың өнегелі істерін, қай­раткерлік жолын, асыл м­ұрасын дәріптеу мақ­сатында жыл сайын өткізіп келеміз. Жастардың шығармашылығын шың­дап, оларға қамқорлық көр­сетіп жүрміз. Және де елге адал еңбек етіп жүрген қо­­ғам қайраткерлері мен бел­­сенділерін марапаттап оты­рамыз, – дейді ұй­ым­дасты­рушы Айтбай Бот­пайұлы.

Кештің қадірлі қонағы, Ж.Тәшеновтан бата ал­ған дәулескер күші Мұха­меджан Тілеухан сахнаға кө­теріліп, тұлға жайлы ес­телігімен бөлісіп, күй шерт­ті.

Мұхамеджан Қанайұлы­на, Е.Бөкетов атындағы Қа­рағанды мемлекеттік уни­верситетінің филология факультетінің деканы, доцент Елдос Ерға­зы­­ұлына және әнші Жа­на Қуанышбекқызына облыс­тық ішкі саясат бас­қар­масының басшысы Нұр­лан Бикенов Алғысхат табыс­тады.

Сонымен С.Сейфуллин атындағы Қарағанды об­лыстық академиялық қазақ драма театрының директоры Құрман Қалымов «Жылдың үздік қайраткері» атанды. Аймақтық, рес­публикалық жыр додаларында топ жарып жүрген жас талант Бекарыс Ос­панов «Жылдың үздік айтыскер ақыны» аталымымен марапатталды.

Қазақ поэзиясында ай­шықты қолтаңбасы бар Серік Сағынтай «Жылдың үздік ақыны» аталымында үкіленді. «Жылдың үз­дік қаламгері» аталымында Ернар Кейкин, «Ғылым мен білімге және ұрпақ тәрбиесіне сіңірген ең­бегі үшін» Рашит Каре­нов құрметке бөленді. «Оқу-ағарту және ұрпақ тәрбиесіне сіңірген еңбегі үшін» терең тарихшы Тұңғышбай Мұқан марапатталды.

«Жылдың үздік мәде­ниет және өнер қайраткері» Сәуле Шибаева, «Жылдың үздік тілшісі» Жанабек Нар, «Жылдың атымтай жомар­ты» Арман Абеуов, «Жыл­дың үздік белсендісі» аталымымен Ернат Мэлс­ұлы атанды. Жыл үздік­теріне арнайы диплом мен қаржылай сыйлық табысталды.

Марапаттау рәсімінен соң Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Досымжан Таңатаров әннен шашу шашты.

 

Қарағанды облысы