Мәдениет • 13 Желтоқсан, 2023

Аламан бәйге, футбол, бокс: Тәуелсіздік күні Астанада қалай тойланады?

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Тәуелсіздік күніне орай түрлі мерекелік және ресми іс-шаралар, оның ішінде көрмелер, концерттер, сурет байқаулары, турнирлер мен спартакиадалар өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аламан бәйге, футбол, бокс: Тәуелсіздік күні Астанада қалай тойланады?

13-15 желтоқсанда "Жансая" орталығында патриоттық әндер, өлеңдер, суреттер байқауы өтеді.

14-16 желтоқсанда "Барыс-Аренада" жүзуден "ASTANA OPEN" ашық республикалық турнир өтеді.

14 желтоқсан күні сағат 11.00-де "АЛЖИР" мұражай-мемориалдық кешені "Тәуелсіздік – тұғырым" тақырыбында іс-шара ұйымдастырады.

15 желтоқсан күні сағат 11.00-де Астана мемлекеттік архивінде "Тәуелсіздік жолында" архивтік құжаттарының көрмесі өтеді.

Сонымен қатар, "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мерекелік концерт көрсетіледі.

15 қазан күні сағат 10.00-де "Арғымақ" ат-сауықтыру кешенінде ат спортынан жарыстар өтеді.

15 желтоқсан күні сағат 12.00-де "Астана" СК-да мүкіс спортшылар арасында шағын футболдан Астана қаласының Ашық Кубогы өтеді.

15 желтоқсанда "Beeline Arena" спорт кешенінде алғаш рет "ІВА Чемпиондар түні" — "Astana Arlans" бокстан турнир өтеді.

15-20 желтоқсан аралығында ұлдар мен қыздар арасында қол добынан Астана Кубогы және ұлдар арасында гандболдан ашық турнир басталады.

16 желтоқсан күні сағат 14.00-де қуыршақ театры көрермендерге С.Жүнісовтің "Атамекен" спектаклін ұсынады. Сол күні сағат 18.00-де.М. Горький сахнасында "Әлия" спектакль-драмасы өтеді.

16-17 желтоқсанда садақ атудан Астана кубогы өтеді.

17 желтоқсанда Сарыарқа ауданының тұрғындары үшін дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде (Көктал 2, Баршын көшесі, 30/2 ) Спартакиада өтеді.