Қаржы • 14 Желтоқсан, 2023

Халықтың мобильді аударымдары не үшін бақыланатыны айтылды

211 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ел азаматтарының мобильді аударымдарына салықтық бақылау қалай жүргізілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халықтың мобильді аударымдары не үшін бақыланатыны айтылды

Фото: ашық дереккөз

Еске сала кетсек, биыл Мемлекеттік кірістер комитеті банк шоттарына кәсіпкерлік қызметпен байланысты ақша түскен азаматтар туралы банктерден ақпарат ала бастады.

«Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру белгілерін айқындау өлшемшарты жеке тұлғаның үш ай қатарынан ай сайын әр түрлі тұлғалардан жеке банктік шотқа 100-ден астам аударым алуы болып табылады», деп түсіндірді комитет баспасөз қызметі.

Айта кету керек, банктерден ақпарат кезең-кезеңімен беріледі. Дәлірек айтқанда:

  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік қызметшілерге, оларға теңестірілген тұлғаларға және олардың жұбайларына (2022 жылдың қорытындысы бойынша);
  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлеріне және олардың жұбайларына (2023 жылдың қорытындысы бойынша);
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары үшін (2024 жылдың қорытындысы бойынша);
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – халықтың қалған бөлігі үшін (2025 жылдың қорытындысы бойынша).
 
Ведомство өкілдері нақтылағандай, қазіргі уақытта тек мемлекеттік қызметшілерге, оларға теңестірілген тұлғаларға және олардың жұбайларына ғана ақпарат алынды.

Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау шаралары адал салық төлеушілерге әсер етпейтінін және жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталғанын атап өтті.

Бұл ретте жеке тұлғалар өздерінің жеке мақсаттары үшін (мысалы, туыстарына, достарына ақша аудару, ата-аналар мен балаларға көмек көрсету, сондай-ақ басқа да өмірлік жағдайлар үшін) мобильді аударымдарды еркін жүзеге асыра алады.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25