Фото: Peter Dazeley
«Qazaqstan» арнасы хабарлағандай, кейінгі 3 жылда 133 кәсіби спортшының қанынан тыйым салынған препарат табылған.
Ведомство басшысының пайымынша, бұған қазақ спортында фармакология саласының дамымай жатқаны себеп болып отыр. Сондықтан бұл мәселені заң аясында реттеп, жүйелі жұмыстар атқару қажет.
«Еліміз бойынша екі жоғары оқу орнында ғана жылына 45-ақ студентті спорт саласындағы медицина маманы ретінде дайындап шығарады. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, спорт саласына бейімделген психолог, фармаколог, нутрициолог сияқты салалық мамандарды дайындайтын факультет ашу ниетіміз бар», деді Ермек Маржықпаев Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында.
Айа кетсек, қазір ел ордасы Астанада Ұлттық спорт университеті салынып жатыр. Жалпы, Қазақстан бойынша алдағы екі жылда 113 спорт нысаны бой көтеріп, 26-сы жөндеуден өтеді деп жоспарланып отыр.