Жастар • 14 Желтоқсан, 2023

«Jastar jalyny-2023» фестивалінің қорытындысы жарияланды

113 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Астана қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдауымен Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда елорданың 13 университеттерінің арасында желтоқсанның 4-13 күндері аралығында өткен «Jastar jalyny-2023» фестивалінің жүлдегерлері 10 номинация бойынша анықталғанын һәм марапатталғанын елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Jastar jalyny-2023» фестивалінің қорытындысы жарияланды

Фото: gov.kz

«Заманауи би» номинациясы бойынша: I орын – «Turan-Astana» университетінің «Tau rocket» би тобы. II орын – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Arrow crew» би тобы. III орын – А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының «Black mamba» би тобы.

«Ұлттық би» номинациясының жеңімпаздары: I орын – Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері Сәния Сәкенова және Милана Струсинская. II орын – Астана Халықаралық университетінің «Мөлдір-ай» тобы. III орын – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Шаттық» би ансамблі.

«Qazaq quiz» номинациясы: I орын – «Turan-Astana» университетінің «Jastar ortalygy» құрамасы. II орын – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Seifullin» құрамасы. III орын – Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының «Apems» құрамасы.

«Шахмат» номинациясы: I орын – Astana IT университетінің студенті Ибрагим Ғалымжанұлы; II орын – Астана медицина университетінің студенті Әлрами Алдабергенов; III орын – М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті филиалының студенті Борис Черкасов.

«Поэзия» номинациясы: I орын – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенті Елдар Әмірхан; II орын – Астана Халықаралық университетінің студенті Анар Өтегенова; III орын – Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының студенті Ажар Ерназар;

«Медиа» номинациясы: I орын – «Turan-Astana» университетінің «Jastar tau» командасы; II орын – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Kazatzu media» командасы; III орын – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің командасы.

«Эстрада» номинациясы: I орын – А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенті – Медина Журтекина; II орын – «Turan-Astana» университетінің студенті – Алуа Қазыбаева; III орын - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенті – Айнұра Сәдуақасова.

«Сурет салу» номинациясы: I орын – Астана Халықаралық университетінің студенті – Ангелина Демина; II орын – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенті – Самал Мұқашева; III орын – А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенті – Дина Анарбекова.

«Ұлттық аспаптар» номинациясы: I орын – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Шабыт» ұлттық аспаптар ансамблі; II орын – М.Narikbayev атындағы КазГУУ университетінің «Via mnu» тобы; II орын – Астана Халықаралық университетінің «Аманат» ансамблі; III орын – Astana IT университетінің «Aitu» оркестрі.

«Театр» номинациясы: I орын – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Ақжелкен» театры; II орын – А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының «Қызыл жебе» театр студиясы; III орын – Астана Халықаралық университетінің «Ozge theatre» театры.

«Jastar jalyny-2023» фестивалінде Гран-при иегері – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті.

«Jastar jalyny-2023» фестивалінің қазылар алқасы еліміздің ең тәжірибелі мамандарынан құралды. Бағдарламаны мәдениет және өнер қайраткерлері, еліміздің еңбек сіңірген әртістері, кәсіби хореографтар мен видеографтар бағалады.

Байқау жеңімпазы атанған жастар қаржылық сертификаттармен марапатталды: бірінші орынға 100 мың теңге, екінші орынға 70 мың теңге, үшінші орын 50 мың теңге, ал Гран-при иегеріне 500 мың теңге табысталды.