Қоғам • 16 Желтоқсан, 2023

Қарлы асуда адамдарды құтқарды. Көрші елдің азаматтарына құрмет көрсетілді

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбылдық құтқарушылар Қордай ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге көмек көрсетіп, күш қосу үшін Қырғызстан Республикасынан келген әріптестерін шығарып салды, деп хабарлайды  Egemen.kz Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарлы асуда адамдарды құтқарды. Көрші елдің азаматтарына құрмет көрсетілді

Фото: qr_tjm

Көрші елден 8 бірлік техника мен 42 адамнан тұратын күштер мен құралдар көмек көрсетуге келген еді.

Қырғызстан Республикасы ТЖМ бөлімшелері ескі Қордай асуында қар құрсауынан 16 адамды құтқарып, 2 жүк және 3 жеңіл автокөлікті шығарды.

Қырғыз елінің құтқарушыларына Жамбыл облысы Қордай ауданының аумағында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізгені үшін алғыс хаттар табысталды.