Қоғам • 16 Желтоқсан, 2023

Мінгені - "Мерседес", төленбеген айыппұлы - миллион теңгеден асады

1738 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында миллион теңгеден аса айыппұлын төлемей жүрген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мінгені - "Мерседес", төленбеген айыппұлы - миллион теңгеден асады

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, "Мерседес" маркалы көліктің жүргізушісіне жол-көлік ережесін бұзғаны үшін салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша қарыздың жалпы сомасы - 1 миллион 176 мың 450 теңге.

«Құқық бұзушыны ЖПҚБ іздестіру бөлімшесі мен мамандандырылған батальонының қызметкерлері «Қорғау – қауіпті жүргізуші» автоматтандырылған жүйесі арқылы анықтады.

Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды мемлекетке өндіру жұмыстары жүргізілуде», - деп жазды қалалық полиция департаментінен.

Соңғы жаңалықтар

Көлікпен дәулет құраған

Қоғам • Бүгін, 10:40

Әлжанның алтын медалі

Таным • Бүгін, 10:20

Ақылды келіншек

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 10:00