Фото: ашық дереккөз
«Жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты, маневр ережелерін және бүйірлік аралықты қатаң сақтаңыз. Көлік құралдарының жүргізушілері шұғыл маневр жасап, тежегішті күрт басудан абайлауы қажет, бұл қазіргі ауа райы жағдайында жол-көлік апатына әкеп соғуы мүмкін», деп ескертеді полицейлер.
Полиция сондай-ақ жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше мұқият болу керек екенін ескертті.
«Жолда жақындап келе жатқан автокөліктің жоқтығына көз жеткізіп, гаджетті ұстамауға тырысу керек. Сақтық шаралары жол-көлік оқиғаларының санын айтарлықтай азайтуға көмектеседі. Жүргізушілерді мұқият болуға, көліктерді жол бойына қоймауға, қоғамдық көліктердің қозғалысына және қар тазалау техникасының жұмысына кедергі келтірмеуге шақырамыз», делінген хабарламада.