Фото: Атырау облысы әкімдігі. Телеграм
«Тағы да қуанышты сәт. Балаларымыздың игілігі үшін салынған тағы бір балабақша ашылып жатыр. Мемлекет басшысы балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, жан-жақты жағдай жасау үшін балабақша мен мектептердің санын көбейтуді тапсырды. Біз қазіргі уақытта облыстағы балабақша санын көбейтіп жатырмыз. Алдағы бес жылда 2-6 жасқа арналған 8000-ға жуық орындық бөбекжай салуды жоспарлап отырмыз. Осында тәлім алған тәрбиеленушілер еліміздің мақтанышына айналсын деген тілек білдіремін. Ашылған балабақша берекелі болсын!», деді облыс басшысы.
Балабақшада асхана, жатын бөлме, ойын, мұғалімдер бөлмесі, логопед және психолог бөлмелері бар, спорт залы заманауи құрылғылармен жабдықталған. Асханасындағы тағамдар санитарлық талапқа сәйкес бөлек тоңазытқыштарда сақталады. Ал дәрігер бөлмесінде балаларға алғашқы көмек көрсетуге қажет барлық дәрі-дәрмек бар.
Әр балабақшада 26 қызметкер жұмыспен қамтылды. Балалар кіші және үлкен топтардан құралған 12 топқа бөлінеді.
Ал тәрбиеленушілерді қабылдау желтоқсан айынан бастап indigo24.kz ақпараттық жүйесі арқылы іске асырылады.
Осы уақытқа дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында барлығы 870 орындық үш балабақша ашылды. Жыл аяғына дейін тағы да 890 баланы қамтитын үш балабақша ашылып, қажеттілік 15,2 пайызға азаяды.