Бір сәні дастарқанның астау болар,
Бақ-ырыс, құтың осы басқа-ау қонар.
Қонаққа астау толы ас бергенің,
Алдағы берекеге бастау болар.
Қолөнер қазағымнан көшпек емес,
Ғажабы ғаламзатқа дес те бермес.
Жалғаған ата жолын асыл мұра,
Өнері астау ою өшпек емес.
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
Жоба авторы – Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ